ЕҚЫҰ Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша дөңгелек үстел отырысын қолдауда
18 ақпан 2017 жылы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау мәселелері бойынша Алматы қаласында өткен дөңгелек үстел отырысын қолдады.
25 жуық қатысушы, соның ішінде Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері, парламент депутаттары, қызметтегі заңгерлер, ғылыми және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жақында президент өкімімен ұсынылып отырған билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша конституциялық реформа ұсыныстарын талқылады.
Қатысушылар Парламенттің және оның палаталарының рөлі, кейбір президенттік өкілеттіктерді қысқарту, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі үшін құқықтық базаны дамытуға байланысты ұсынылған реформаның негізгі баптарын қарастырды. Сондай-ақ іс-шара барысында азаматтардың құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайтуға қатысты азаматтық қоғам өкілдері тобының негізгі тұжырымдары ұсынылды.
Іс-шара нәтижесінде әзірленген ұсыныстар мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының қарауына жіберіледі.