ЕҚЫҰ Қазақстанда Шекара қызметінің нұсқаушыларына арналған тренингті қолдауда
2017 жылғы 17 ақпанда Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ЦАРИКЦ) нұсқаушылары үшін сабақ беру дағдылары бойынша бескүндік оқыту курсы аяқталды.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі және ЦАРИКЦ-пен бірлесе ұйымдастырылған курс 20-ға жуық өз елдерінен келген қатысушыларға көпшілік алдында сөз сөйлеу, коммуникативтік және ақпаратты тиімді ұсыну бойынша дағдыларды машықтандыруға мүмкіндік берді.
АҚШ-тың Есірткімен қарсы күрес басқармасы Жахандық оқыту командасының сарапшылары тосын дайындалған сөз сөйлеу, сөз сөйлеу алдында қобалжудан арылу, тиімді коммуникативті дағдылар мен презентациялар барысында дене тілінің маңыздылығы туралы дәрістер берді.
Курс Офистің қабылдаушы елде шекарашылардың әлеуетін нығайту бойынша көпжылдық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.