ЕҚЫҰ Қазақстанда құқық қорғау органдары мен БАҚ әрекеттестігін арттыру жөнінде тренинг ұйымдастыруда
2016 ж. 10 ақпанда Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған құқық қорғау органдарының баспасөз хатшыларына арналған бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Іс-шара құқық қорғау органдарының баспасөз қызметінің коммуникациялық стратегияларын қарастыру және журналист тұрғысынан ерекше жағдайларға негізделген түсіндірме жұмыстарын нығайту жолын іздестіру арқылы құқық қорғау органдары мен БАҚ арасында өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған.
Елдің барлық өңірлерінен келген Бас прокуратураның 25 өкілі елеулі және шұғыл мәселелер туралы қалай кәсіби хабарлауды, жұрт алдында сұхбат беруге және баспасөз конференцияларға дайындалуды, сонымен қатар олардың жұрт алдында сөз сөйлеу машықтарын жақсартуды, баспасөз хабарламаларды жазу және шиеленіс жағдайларды шешуді үйренеді. Оқыту семинары орыс және қазақ тілдерінде өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы бірлесіп ұйымдастырды. Ол Бағдарламалар офисінің құқық қорғау органдары мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.