ЕҚЫҰ Қазақстанда терроризмге қарсы күреске арналған халықаралық дөңгелек үстелге қолдау көрсетуде
АСТАНА, 31 қаңтар 2017 жыл – Күштеу экстремизм, радикалдандыру мен терроризмге апаратын аспектілер, сонымен қатар осы қауіптерге әр түрлі елдерде тиімді жауап беру жолдары ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің Қорғаныс министрлігінің Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы және Бас прокуратурамен бірлесіп, бүгін Астана қаласында ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстелдің басты тақырыбы болды.
Талқылауға шамамен 90 қатысушы, соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты, Премьер-министр Канцеляриясы, Қорғаныс, Сыртқы істер және Ішкі істер, Дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталықтың жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.
Сонымен қатар іс-шараға ұлттық сарапшылар, саяси партиялардың басшылары мен азаматтық қоғам және шетелдік елшіліктердің өкілдері қатысты.
«Біз террористік насихаттауға ілігуге қарсы әрекет етуіміз қажет», - деді Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко. Ол сонымен қатар балалардың күштеп радикалдандырудан қауіпсіздігін қамтамасыз етуді баса айтты.
Елші Дьердь Сабо, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы күштеу экстремизмге қарсы әрекет етуде ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Осы мәселеге жауап беру жолдарының бірі болып шаралар қабылдау және озық тәжірибені ескере отырып, халықаралық тәжірибемен бөлісу табылады».
Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы Департамент директоры Қарлығаш Нугманова: «Сәйкес тақырыптардың ең маңызды себептерін анықтау барысында қазіргі таңда халықаралық қауіпсіздік әлемдегі өзгеріп отырған геостратегиялық және геосаяси тәртіптің жаңа құбылыстарын қайта қарастыруды қажет ететіндігін ескеру қажет. Бұл үрдіс халықаралық ынтымақтастық пен ой-пікір алмасуды талап етеді», - деді.
Аустрия, Әзірбайжан, Біріккен Корольдік, Корея Республикасы мен Ресей Федерациясы сарапшылары күштеу экстремистік топтардың әдістері, террористік мақсатта Интернет желісін пайдалану, экстремистерді реабилитация мен реинтеграция, жалдау әдістері мен жастар арасында күштеу экстремистік топтардың насихаттауларына қарсы әрекет ету бойынша өздерінің зерттеулерін ұсынды.
Екінші күн барысында қатысушылар Қазақстанның Парламенті мен ұлттық сарапшыларына олардың терроризмге қарсы және оны алдын алуда азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын арттыру саласында бірқатар ұсынымдар әзірлейді.
Іс-шара терроризмге әкелетін экстремизм мен радикалданумен күресудегі қабылдаушы елге жәрдемдесу бойынша адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеумен қатар ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.