ЕҚЫҰ Қазақстанда шекарашылардың жұмыс кездесуінің өткізілуіне ықпалдастық етеді
2016 жылы 14 желтоқсанда Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткен Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің үш күндік жұмыс кездесуі аяқталды.
Іс-шара мақсаты Латвиялық мемлекеттік шекара қызметі сарапшылары мен жергілікті шенеуніктердің арасында шекара қауіпсіздігін арттырудың құқықтық және рәсімдік құралдарын ілгері дамытуға бағытталған тәжірибе алмасуға ықпалдастық ету болды. Кездесу Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын Орталық Азияда шекараларды басқаруға қолдау бағдарламасымен (БОМКА), Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Қатысушылар шекаралық өкілдердің қызметін ұйымдастырудағы өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті. Олар, атап айтқанда, аталған қызметті ел ішінде және шекаралас мемлекеттермен реттейтін құқықтық рәсімдерді, сонымен қатар ұйымдастырушылық құрылымды орнату барысында алынған қорытындыларды талқылады.
Іс-шара қабылдаушы елде шекара қауіпсіздігін ілгерілету бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің бөлігі болып табылады.