Ғаламтордағы сөз бостандығы Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен өткен жыл сайынғы жастар құқық форумының назарында
Жыл сайынғы ЕҚЫҰ қолдауымен өтетін Жастар құқық форумы 2016 жылы 10 желтоқсан күні Астанадағы Қазақ гуманитарлық және заң университетінде (ҚазГЗУ) өз мәресіне жетті. Халықаралық адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылған екі күндік іс-шара ғаламторда ақпаратты тарату және сөз бостандығын шектеу шамалары тақырыбына арналды.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақ гуманитарлық-заң университеті және Сорос-Қазақстан қорымен бірлесіп, ұйымдастырылған іс-шара барысында шамамен 70 жуық қатысушы, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Украинадан келген университет студенттері, сондай-ақ халықаралық және ұлттық құқықтық сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және ғылыми қауымдастық өкілдері желідегі сөз бостандығы жайлы мәселелерді талқылады.
Іс-шараның шеңберінде заң мамандығы студенттері арасындағы пікірталас сайысы мен сарапшылардың қатысуымен ашық ой алмасу өткізілді. Сайыс студенттерді ғаламторды пайдалануға қатысты ағымдағы жаһандық проблемаларды талдауға ынталандырды. Олар ғаламтор арқылы таралатын ақпаратты барған сайын күрделі шектеуге байланысты өз пікірін еркін білдіру әмбебап құқығын қорғау мәселелерін талқылады. Бұл шектеулер соғысты, өшпенділікті, терроризм және зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмді насихаттау қаупіне қатысты үкіметтердің алаңдауынан туындаған еді.
«Оның жиексіз саласын бақылау қиынға соғатынына себепті ғаламтор бүкіл әлем мемлекеттері үшін белгілі бір сын-тегеурінді төндіруі мүмкін», - деді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Дьердь Сабо. «Дегенмен, мемлекеттер адам құқықтары туралы ұмытпай, олардың құқықтық жүйелері сөз бен пікір бостандығы үшін тиімді кепілдіктерді қамтамасыз етулері қажет». Ол ғаламторға қатысты қауіп-қатерлерге жауаптар шамалас және тиімді болуы тиіс екендігін атап өтті.
Талғат Нәрікбаев, ҚазГЗУ университетінің ректоры: «Бүгін студенттік командалар ғаламторда сөз бостандығы мен ақпаратты таратудың ең жоғарғы шегіне қатысты өз пікірлерін қорғайды. Бұл форум күрделі құқықтық мәселелерді талқылау үшін ең жақсы алаңдардың бірі болады деп мен үміттенемін», - деп айтты.
Биылғы жылы Бағдарламалар офисі жастар құқық форумына оныншы рет қолдау көрсетуде. Бұл шешім қабылдау барысына жастарды қатыстыруға байланысты Офистің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.