Қазақстанда ЕҚЫҰ іс-шарасында судьялар қоршаған орта мәселелері бойынша оқытылуда
ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада 2016 жылғы 29 қарашада азаматтық істері бойынша экологиялық заңнаманы сот тәртібінде қолдану мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Аталған іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Сотпен және Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясымен бірлесіп ұйымдастырып, елдің барлық түпкірінен келген 35 өңірлік судьяны жинады.
Жоғарғы Сот судьялары және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының сарапшысы Еуропалық экономикалық комиссиясының «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы» БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының конвенциясы. (Орхус конвенциясы) орындау барысында пайда болатын дауларды шешу жолдары туралы тренингті өткізді. Азаматтық істер, басқа халықаралық құралдар, экологиялық бұзушылық саласында әкімшілік және қылмыстық істерді қарастыру кезінде қолданылып жатқан ұлттық заңнама іс-шараның баса назарында болды.
Сонымен бірге қатысушылар бекітілген талаптардың сәйкессіздігі туралы мүмкін жағдайларын шешу үшін тікелей жұмылдыруды, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың күнделікті жағдайларын, БҰҰ Халықаралық Сотында экологиялық дауларды соттық қарастыру мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шара Офистің қабылдаушы елге оның Орхус конвенциясының ұлттық институционалдық және құқықтық аясын жетілдіруге қатысты өз міндеттемелерін орындауына ықпалдастық көрсету жөніндегі көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.