Қазақстандағы жаңа қылмыстық-процессуалдық заңнаманың мәселелері бойынша адвокаттарға арналған оқыту семинарларының топтамасы

2016 жылдың 26 қарашасында Қазақстанның Ақтау қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткен екі күндік оқыту семинарларының топтамасы өз жұмысын аяқтады. Семинарлар жаңа қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жақсырақ ұғынуға, жалпы түсініктеме беруге және қолданысын жақсартуға бағытталған.
Іс-шара Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының Республикалық және Алматылық адвокаттар алқасының ынтымақтастығымен ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисінің ұйымдастыруымен өтті. Бұған дейін мұндай оқыту семинарлары Астана және Алматы қалаларында өтті.
Өз таныстырылымдарында ұлттық сарапшылар құқықтық қорғаныстың жаңа тәсімдері мен әдістеріне, қылмыстық процестегі тергеу судьялары институтына, адвокаттар қауіпсіздігінің халықаралық-құқықтық кепілдіктеріне, дәлелдердің жиналуы мен куәгерлерден сұрау алуға ден қойды. Оған қоса, адвокаттардың қылмыстық өндіріске тартылған азаматтармен, лауазымды тұлғалармен өзара ықпалдастығы мәселелері талқыға салынып, БАҚ мен әлеуметтік желілердің рөлі айтылды.
Бұдан басқа, жаңа ақпараттық технологияларға, электронды үкіметке, тиісті этикалық және кәсіби талаптарға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге ерекше мән берілді.
100-ге жуық адвокат қатысқан семинарлар Бағдарламалар офисінің заң әділеттілігін нығайту және қабылдаушы елдегі сот реформаларын қолдау жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының аясында өтті.