ЕҚЫҰ Қазақстанда құқық қорғау органдары мен БАҚ әрекеттестігі жөнінде тренинг ұйымдастырады
АСТАНА, 14 қараша 2016 ж. – Бүгін Астанада құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы әрекеттестікті жақсартуға бағытталған төрт күндік оқыту семинары басталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы бірлесіп ұйымдастырды. Елдің барлық өңірлерінен шамамен 25 прокурор, сондай-ақ Бас прокуратурадан және Қаржы министрлігі Экономикалық тергеу қызметінен лауазымды адамдар құқық қорғау органдары мен БАҚ арасындағы байланысты қалай нығайтуды талқылайды. Сонымен қатар, олар құқық қорғау органдарының баспасөз қызметтерінің ақпарат беру практикасын және журналистік көзқарастан нақты жағдайларға негізделген ашық байланыс арналарын жылжыту жолдарын қарастырады.
Сондай-ақ, қатысушылар террорлық шабуылдар сияқты елеулі және шұғыл мәселелер туралы қалай кәсіби хабарлауды, жұрт алдындағы сұхбаттар мен баспасөз конференцияларға дайындалуды, жұрт алдында сөз сөйлеу машықтарын жақсартуды және шиеленіс жағдайларды шешуді үйренеді. Сонымен қатар жаңа бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалану мәселелері қаралады және қатысушылар баспасөз хабарламаларды даярлау, баспасөз брифингтерді ұйымдыстары және телевизия сұхбаттарын жүргізу жөнінде практикалық жаттығулар жүргізеді.
«Құқық қорғау қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бізге баспасөзбен және қоғаммен жиі жұмыс істеуге тура келеді және осында біз олармен сауатты жұмыс жүргізуге кедергі болатын түрлі тосқауылдармен кездесеміз», - деді Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейін білім беру және біліктілікті арттыру институтының директорі Нұрлан Даниев. «Бұл жұмыста жіберілген қателер мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіре алады, және оның салдарынан халықтың сенім деңгейін төмендетеді».
Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо: «Кез келген мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі оны қоғамның жылы қабылдауына көп байланысты. БАҚ-қа ұсынылатын ақпарат уақтылы, көкейкесті және шын болуы тиіс. Сонымен, биліктің түсініктілігі мен ашықтығы бір жағынан және жағдайды жариялаудағы жылдамдық екінші жағынан қоғам тарапынан сенімнің қалыптасуының негізгі факторлары болып табылады», - деді.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің құқық қорғау органдары мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.