ЕҚЫҰ Қазақстандағы кеден мен полиция офицерлеріне арналған трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа және есіртікінің заңсыз айналымына қарсы әрекет ету жөніндегі тренингті қолдайды
ПАВЛОДАР, Қазақстан, 2 қараша 2016 ж. – ЕҚЫҰ қолдаған, есірткінің, жаңа психикалық жағынан белсенді және синтетикалық есіртікінің заңсыз айналымына ерекше көңіл бөле отырып, трансұлттық қауіптерге орай әрекет ету үшін құқық қорғау органдарының әлеуетін құруға бағытталған тренинг семинар бүгін Қазақстанның Павлодар қаласында басталды.
Үш күндік іс-шара кезінде кеден мен полицияның шамамен 30 офицері, сондай-ақ елдің әртүрлі областыраның Бас прокуратураның прокурорлары озат ұлттық және халықаралық тәжірибе туралы біледі.
Тренинг семинарды Беларусь, Америка Құрама Штаттары, Орталық Азия есірткі құралдарының, психотропты заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ) және Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының ұлттық және халықаралық сарапшылары өткізді. Сарапшылар Орталық Азия мен Ауғанстандағы ағымдағы жағдайға шолуды, сондай-ақ трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа және есіртікінің заңсыз айналымына қарсы әрекет етудегі заң аясын ұсынады. Сонымен қатар, олар шекара арқылы есірткі контрабандасына қарсы әрекет ету әдістеріне баса назар аударады.
«ЕҚЫҰ ұзақ уақыт ішінде трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа, атап айтқанда есіртікінің заңсыз айналымына қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау органдарының әлеуетін дамытуға басымдық берді», - деді Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо. «Қатысушы мемлекеттер мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық және тәжірибемен алмасу арқылы ғана құқық қорғау органдарының өкілдері бұл апатқа орай тиімді әрекет ете алады».
Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Мұратжан Жанғозин: «Бұл тренинг арқылы біз есіртікінің заңсыз айналымымен күреске тартылған қызметкерлердің білімін кеңейтуге және ұйымдастырылған қылмыстық топтарға қаржы ағынды тоқтатып мыңдаған адамның өмірін құтқаруға көмектесеміз деп сенеміз»,- деп атап өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстандағы АҚШ Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды. Бұл Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің трансұлттық ұйымдастырылған қылмыстың және есіртікінің заңсыз айналымының алдын алуда және оған қарсы әрекет етуде қабылдаушы елдің әлеуетін құру жөніндегі іс-шараларының бөлігі болып табылады.