ЕҚЫҰ Қазақстандағы жарылу қауіпі бар құралдар тәуекелін қысқарту және оларға орай әрекет ету жөніндегі өңірлік семинарды қолдайды
АСТАНА, 16 қараша 2016 ж. – Бүгін Астанада жарылу қауіпі бар құралдар тәуекелін қысқарту және оларға орай әрекет етуге қатысты, осы салада жұмыс істейтін мамандардың әлеуетін дамыту жөніндегі сын-қатерлерді талқылауға арналған, 40 әскери және азаматтық сарапшалар үшін ЕҚЫҰ үш күндік өңірлік семинар басталды.
Семинар Ауғанстан, Армения, Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Америка Құрама Штаттары, сондай-ақ Женева гуманитарлық минасыздандыру халықаралық орталығының мамандары арасында жарылу қауіпі бар құралдар тәуекелін қысқарту және оларға орай техникалық деңгейде әрекет ету тәжірибесімен және ең жақсы практикалармен алмасу алаңы ретінде әзірленді. Косовоның өкілдері де қатысады. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен және Тәжікстандағы ЕҚЫҰ Бюросымен бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақтарды бақылау және тексеруді қамтамасыз ету орталығының бастығы Амангелді Әубәкіров өткен жылғы қыркүйекте халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ЕҚЫҰ екі дала миссиясы мен Қазақстан Қорғаныс министрлігі Өзара түсіністік туралы үш жақты меморандумға қол қойған сәттен бастап оң прогреске жеткенін атап өтті. Ол жақсы тәжірибемен алмасу қажеттігін және осы саладағы маңыздылыққа баса назар аударды.
Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьёрдь Сабо: «Жарылу қауіпі бар құралдарды қысқарту тәуекелі, олармен байланысты сын-қатерлерді бағалаудың жүйелі және ұзақ үдерісін талап етеді. Бұл тұрғыдан халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес құзыретті әскери және азамат мамандарын құру аса маңызды»,- деп атап өтті.
Тәжікістандағы ЕҚЫҰ Бюросының Бағдарламалық офицері Лука Бухин, бұл іс-шара жарылу қауіпі бар құралдар тәуекелін қысқартуда және оларға орай әрекет етуде сарапшылардың байланыстарын жолға қоюға ықпал ететіні айтты.
Семинар жарылу қауіпі бар құралдардан болатын сын-қатерлерге орай әрекет ету арқылы ЕҚЫҰ Сенім және қауіпсіздік шараларын жылжыту үшін Орта Азия мемлекеттері арасында ынтымақтастық тетігін дамытуда ЕҚЫҰ ұзақ уақытты қолдауының бөлігі болып табылады.