Орталық Азия жастар желісінің түлектері ЕҚЫҰ қызметімен танысу мақсатында Венаға сапар шекті
Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) жеті студенті 2016 жылы 25 қарашада аяқталған Венаға екі күндік танысу сапары аясында ЕҚЫҰ мен оның институттарының қызметі туралы білді.
Сапар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстаннан келген CAYN түлектері Бас хатшы Ламберто Заньермен кездесті.
Олар ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысына қатысып, ЕҚЫҰ Хатшылығының түрлі бөлімдері, атап айтқанда Қақтығыстарды алдын алу орталығы, Байланыс және БАҚ бөлімі, БАҚ еркіндігі бойынша Өкілі, Трансұлттық қатерлер департаменті, Экономикалық және экологиялық қызмет Координаторы офисі, Адам саудасына қарсы әрекет ету мәселелерінің Арнайы өкіл және координаторыі кеңсесінің қызметімен танысты.
Олар сонымен қатар 2015 ж. шілде айында өтіп, Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдық мерейтойына арналған семинарға қатысқан ЕҚЫҰ Германия төрағалығының жастар және қауіпсіздік мәселелері бойынша Арнайы өкілі Анна-Катарина Дайнингермен кездесті.
Студенттер ЕҚЫҰ Төрағалығымен, ЕҚЫҰ-дағы Америка Құрама Штаттары делегациясымен, Аустрия, Ресей Федерациясы делегацияларымен әңгімелесуге мүмкіндік алып, өз елдері делегацияларының өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.
Сапар Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Орталық Азиядағы ЕҚЫҰ далалық миссиялары мен Қақатығыстарды алдын алу орталығының қаржылық және логистикалық қолдауымен ұйымдастырылды.
Орталық Азия жастар желісі 2004 жылы табысты студенттердің қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлері туралы білімін арттыру және оларды түсіну, сонымен қатар осы қауіптерге әрекет етудегі ЕҚЫҰ рөлімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.