ЕҚЫҰ Қазақстан делегациясының Аустрия мен Швейцарияға жасыл технологиялар мәселелері бойынша танысу сапарын қолдауда
2016 жылғы 21-23 қараша аралығында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Энергетика министрлігінің үш жоғарғы дейгейдегі өкілдері және азаматтық қоғамның сарапшысы үшін Аустрияның Вена қаласындағы Аустриялық технологиялар институты мен Швейцарияның Шпрайтенбах қалашығындағы Umweltarena атты Жасыл технологиялар орталығына танысу сапарын ұйымдастырды. Сапардың мақсаты жасыл технологиялар орталықтарының жұмысымен танысу болып табылды.
Аталған сапар ЭКСПО-2017 кейінгі іс-шаралары ретінде 2017 жылы Астанада Жасыл технологиялардың трансферті орталығын құруына қолдау көрсетуге бағытталған.
Сапар барысында делегация Аустрия мен Швейцариядағы ұқсас орталықтар жұмысымен, соның ішінде энерготиімділік, жасыл құрылыс және жасыл технологиялар трансферті саласындағы олардың стратегиясы, мандаты, қызмет етуі және ақпараттық жұмысымен танысты.
Сонымен бірге Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-дағы Аустрияның алдағы төрағалығының және ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет координаторы кеңсесінің өкілдерімен 2017 жылдың 15-16 маусымда Астана қаласында өтуі жоспарланған 25-ші Экономикалық-экологиялық форумның екінші дайындық кездесуі мәселесі бойынша екіжақты келіссөздер өткізді.
Танысу сапар қабылдаушы елдегі энерготиімділік практикалары мен жасыл өсу саясатын ілгерілетуге назар аудара отырып, тұрақты дамуға қолдау көрсету бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.