ЕҚЫҰ Қазақстанда судьяларға арналған тұрмыстық зорлық мәселелері бойынша тренингіне қолдау көрсетті
ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2016 жылдың 14 қарашасында Астана қаласында өткен Қазақстанның облыстық соттарының 35 төрағасына арналған тұрмыстық зорлық мәселелері бойынша тренинг семинарына қолдау көрсетті.
Семинар жұмысы судьяларға гендерлік мәселелерді тереңірек түсіндіру және олардың тұрмыстық зорлық туралы заң мен заң процедуралары жайлы білімдерін арттыру арқылы отбасындағы зорлық туралы істерді нәтижелі қарастыру дағдыларын арттыруға бағытталған.
Қатысушылар халықаралық стандарттарға сәйкес үйдегі зорлықтың сипаттамасымен және терминологиясымен таныс болды. Бұған қоса, олар тұрмыстық зорлық құрбандарының психологиялық жағдайы мен стокгольм синдромына, яғни құрбандардың өздеріне зорлық жасағандарға жанашырлық сезімін көрсетуге қатысты жұмыс қарқынын талқыға салды. Тренерлер отбасында зорлық-зомбылық көрсетілген кездегі алдын алу шаралар мен темір торға отырғызу шаралары бойынша пікірталас топтарын ұйымдастырды.
Бұл шара судьяларды қайта дайындау бойынша жыл сайынғы курстардың аясында Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы Сот әділдігі академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара Офистің қабылдаушы ел мен азаматтық қоғамға тұрмыстық зорлыққа қарсы әрекет қолдану және оның алдын алу, сонымен қатар зорлық құрбандарына білікті әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша көп жылдардан бері атқарып келе жатқан қызметі аясында өтті.