ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылықты ілгерілетуде
2016 жылғы 15 қарашада Көкшетауда ЕҚЫҰ қолдауымен органикалық ауыл шаруашылықты назарға ала отырып, жасыл технологияларды ілгерілету мәселелерін талқылау бойынша өңірлік дөңгелек үстелдер сериясының үшіншісі және соңғысы аяқталды.
Аталған іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясымен бірлесіп Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармалары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры, фермерлер мен агробизнестің 50-ге жуық өкілдері үшін ұйымдастырды.
Қатысушылар тиімді бақшашылық саласындағы органикалық өнімдерді жасау және қазіргі кездегі экологиялық қауіпсіз технологияларды қолданумен байланысты мәселелерді талқылады. Ресей Федерациясынан келген сарапшы органикалық өнімді ерікті сертификациялау және ауыл шаруашылығы объектілерінде жаңартылатын энергия көздерін қолдану жүйесімен таныстырды.
Коалиция Қазақстанда экологиялық қауіпсіз технологияларды қолданатын жаңартылған өндірушілер тізімін қамтитын ЕҚЫҰ қолдауымен дайындалған жасыл технологиялар тізілімін таныстырды. Бұл тізілім Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында орналастырылып, барлық азаматтарға қолжетімді болады.
Аталған іс-шара Қазақстанда жасыл өсу мен тұрақты дамуға қолдау көрсетуге бағытталған Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.