Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен жұмыс орнындағы сексуалды алымсақтыққа қарсы әрекет мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті
АСТАНА, 11 қараша 2016 ж. – Жұмыс орнындағы сексуалды алымсақтыққа қарсы әрекет ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел Парламенттің, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғам өкілдерінің 40 жуық өкілінің қатысуымен бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысы ЕҚЫҰ гендерлік теңдікті қолдау іс-қимылдары жоспарының іске асырылу мәселелеріне қолдау көрсетуге екпін қойды.
Қатысушылар сексуалды алымсақтық пен зорлықтың өзге де түрлеріне қатысты ұғымдардың жиынтығын, сондай-ақ «жұмыскер-жұмыс беруші», «жұмыскер-жұмыскер» және «жұмыскер-клиент» қатынастарының қарқынын, оған қоса коммерциялық кәсіпорын пен оның өкілдерінің құқықтық жауапкершілік аспектілерін талқылады. Дөңгелек үстел жұмыс орнындағы сексуалдық зорлықтың барлық формаларын қарастыру әдістеріне, оның ішінде кемсітушілікке жол бермеу туралы заңдарға, еңбек заңнамасына және осы мәселедегі саясатқа, қылмыстық құқықтың қолданылуына және жұмыс берушілердің заңдық жауапкершілігіне қысқаша шолу жасауға мүмкіндік берді. Мұнымен қоса, мемлекеттік, коммерциялық және үкіметтік емес ұйымдардың сексуалдық зорлықты қандай жолмен алдын алып, зардап шеккендерге қалай қолдау көрсете алатыны талқыланды.
«Қазақстан әйел құқықтары мен гендерлік теңдікті ілгері жылжыту мен қорғау жолында айтарлықтай алға басты», – деді елші Дьёрдь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы. «Бұл мәселеде барлығына бірдей қауіпсіз жұмыс орнын қатмамасыз ете алатын және ол қандай болу керек деген мәселеде ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттері өздерінің озық тәжірибелерін ортаға салып, бөлісе алады».
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысының орынбасары Елена Тарасенко: «Сексуалды алымсақтық мәселесі біздің қоғамда әлі де болса, айтуға болмайтын тақырыптардың қатарында. Осыған байланысты біздің алдымызда жұмыс орнындағы осындай қауіп түріне жауап қайтаруға мүмкіндік беретін тиімді тетіктерді әзірлеу мен енгізу арқылы кемсітушілік проблемаларын шешу қажеттілігі тұр».
Өткізілген іс-шара нәтижесінде қатысушылар тарапынан Гендерлік және отбасылық саясаттың жаңа концепциясын жүзеге асырудың мемлекеттік жоспарына бірқатар ұсынымдар дайындалды.
Бұл іс-шараны БҰҰ-әйелдер, ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы бірлесіп ұйымдастырды.