ЕҚЫҰ Қазақстанда Шу-Талас Су Бассейнінің әлеуетін арттыруға қолдау көрсетуде
2016 жылы 2 қарашада Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен су мәселелері жөніндегі билік органдарының, ғылыми топтардың және азаматтық қоғамның 30-ға жуық өкілінің қатысуымен Шу-Талас Бассейні Кеңесінің тренингі мен отырысы өз жұмысын аяқтады.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Шу-Талас Бассейні Кеңесімен және Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен серіктестікте ұйымдастырды.
Бұл Шу-Талас Бассейні Кеңесінің ЕҚЫҰ қолдауымен өткен екінші кеңесі болып табылады, ол су бассейіндік жоспарлаудың тәжірибелік элементтерімен су ресурстарын басқаруды жоспарлауды нығайтуға және аймақтық тұрғыда дипломатия қағидаттарын енгізуге бағытталған.
Аталған тренинг су ресурстарын тиімді басқару тәжірибелері бойынша, атап айтқанда су сапасы мен ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық аспектілерінің, сондай-ақ су ресурстарын пайдаланудың рұқсат ету аспектілері бойынша білім мен дағдыларды кеңейтуге бағытталған. Сонымен бірге қатысушылар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қажеттілікті талқылады және аймақтық су органдарының және басқа да мүдделі тараптардың әлеуетін арттыру бойынша мүмкіндіктерді қарастырды.
Іс-шара су ресурстарын тиімді басқару және Қазақстан мен Қырғызстан өкілдерінің қатысуымен трансшекаралық диалогты құру мәселелерінде мемлекеттік институттардың хабардарлығы мен әлеуетін арттыру жөніндегі Офистің көпжылдық жұмысының бөлігі болып табылады. Бұл ЕҚЫҰ-да Сербияның төрағалық ету басымдықтарына және су мәселелері жөнінде шешім қабылдау үдерісіне қоғамның қатысуын енгізу қажеттілігін атап көрсететін ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық өлшемі бойынша стратегиялық құжатқа сәйкес келеді.