ЕҚЫҰ Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жымқырылған активтерді тергеу және қайтару жұмыстарын жүргізуге үйретуде
АСТАНА, 24 қазан 2016 ж. – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен құқық қорғау органдарының 40-қа жуық қызметкерлеріне арналған активтерді, соның ішінде шетелге шығарылған активтерді қоса алғанда, тергеу, тоқтатып қою және қайтару бойынша оқыту семинары өз жұмысын бастады.
Бес күндік іс-шара барысында Бельгия, Канада, Ирландия, Италия, Израиль, Литва, және Біріккен Корольдік, сонымен бірге БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) сарапшылары қаржылық барлау, ауқымды қаржылық деректер және корпоративтік құжаттамаларды сараптау әдістері бойынша теориялық та, тәжірибелік те сабақтар өткізетін болады. Сонымен қоса, іс-шара қатысушылары, оның ішінде сараптаушылар, тергеушілер мен прокурорлар қаржылық барлау және халықаралық өзара құқықтық көмек жөніндегі сұрауларды дайындау бойынша оқытудан өтетін болады. Осы оқу арқылы олар заңсыз алынған қаражатты пайдалануға тоқтатып қою және оны қайтару дағдысын машықтандырады.
«Сапасыз қаржылық тергеу арқылы активтерді қайтаруға мүмкін емес», - деп Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко атап өтті. «Біз осы семинар арқылы қатысушаларды тек оқытып қана қоймай, сонымен бірге Құқық қорғау органдарының академиясы негізінде қаржылық қылмыстар және активтерді қайтару бойынша тергеу жүргізетін тергеушілер және прокурорларды оқыту мақсатыда олардың ішінен тоғыз ұлттық тренерді дайындаймыз».
Оқыту семинарын Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бас прокуратурамен, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, БҰҰ ЕҚБ және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды.
«Мемлекет ақшаны жылыстату арқылы шығарылған активтерді қайтарған кезде, ол тек әділдікті ғана емес, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қарсы күрес процесін қамтамасыз етеді», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің уәкілетті офицері Колин Маккалоу. Ол мұндай іс-шара серіктес елдермен белсенді қарым-қатынасты, сондай-ақ осы қылмыстар жасау үшін пайдаланылатын әдістерді тануды талап ететіндігін атап өтті.
Аталмыш іс-шара Офистің қабылдаушы елдегі тиісті басқару, ақшаның жылыстатылуы мен терроризмнің қаржыландырылуына қарсы күрес саласындағы көпжылдық қызметінің жалғасы болып табылады.