ЕҚЫҰ Қазақстанда бұқаралық кездесулерді басқару жөніндегі семинарлар сериясын жалғастыруда
АСТАНА, 31 қазан 2016 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен бұқаралық кездесулерді басқарудың озық тәжірибесі мәселелері жөнінде полиция офицерлеріне арналған үш күндік оқыту семинары басталды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ішкі істер министрлігімен бірлесе, Германияның Федералды Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен Нидерланд Ұлттық полиция академиясымен ынтымақтастықта ұйымдастырылған іс-шарада келесі жылы маусым айында Астанада басталатын ЭКСПО 2017 көрмесін өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылады. Тренинг 3-5 қараша аралығында Алматыдағы семинармен жалғасып, ол 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу кезіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналады. Аталған маңызды іс-шараларды өткізу барысында елге миллиондаған халықаралық қонақтар келеді деп күтілуде.
40-қа жуық қала полиция департаментінің орта буын офицерлері мен ЭКСПО 2017 қауіпсіздік департаментінің өкілдері Нидерланд Ұлттық полиция академиясының қызметкерлерінен бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтаудың озық практикасы жөнінде біледі.
Тақырыптар қатары ұзақ жаппай іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іске асырылатын күш пен қаражат есебін жүзеге асырудың әлемдік стандарттары, ланкестік жағынан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланумен құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу, рұқсатнама режимін ұйымдастыру ерекшеліктері, профильдеу техникаларын қолдану, ірі бұқаралық іс-шаралар өткізілетін нысандарда көлік құралдарын тексеріп қарауды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар туындаған кезде мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ азаматтарды көшіруді ұйымдастыру мәселелерін қамтиды. Практикалық жаттығулар ЭКСПО 2017 Дүниежүзілік көрме және Дүниежүзілік қысқы Универсиада объектілерінде өткізіледі.
«ЭКСПО 2017 мен Универсиадаға дайындық құқық қорғау органдарынан мұқият дайындық пен өз іс-әрекеттерінің стратегиясы мен тактикасын халықаралық тәжірибе мен озық практикаларды ескере отырып қарастыруын талап етеді. Олар барша адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олардың іс-шараларды тамашалауына мүмкіндігіне көз жетулері қажет», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілетті офицері Колин Маккалоу.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Дәурен Қозыбақов: «Қазақстанда алғаш өткізілетін ЭКСПО 2017 барысында полицияның басты міндеті болып құқықтық тәртіпті сақтау табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ықтимал тәуекелдерді анықтау мақсатында біз басқа елдердің тәжірибелерін зерттеудеміз. Бұл семинар осы салада ең озық халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді деп күтеміз», - деді.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің әскери-саяси ынтымақтастық арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғамның қауіпсіздігі пен есептілікті арттыру, білімі мен құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жұмысының бір бөлігі болып табылады.