ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері жөніндегі семинарлар топтамасын тәмамдауда
ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған адам құқықтарын қорғау тетіктеріне байланысты мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам мен сот жүйесінің өкілдеріне арналған оқыту семинарлары топтамасындағы соңғысы 28 қазан күні Ақтауда өтті.
150 жуық қатысушы, оның ішінде Маңғыстау облысы Ақтау мен Форт-Шевченко қалалары әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ судьялар, прокуратура, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен азаматтық қоғам мүшелері адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері және құқық қорғау институттары желісінің шеңберіндегі түрлі мекемелердің функцияларымен таныстырылды.
Атап айтқанда, қатысушылар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары мен тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету мәселелеріне назар аударды. Бұдан бөлек еңбек заңнамасына енгізілген жаңалықтарға, еңбек және әлеуметтік дауларды алдын алу мәселелеріне, бәсекелестіктің болмауы туралы шарттарға, әлеуметтік серіктестікке, қызметкерлердің тәртіптік және материалдық жауапкершілігіне, еңбек дауларының шешілуіне ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясымен ұйымдастырылды. Осы тақырып бойынша іс-шаралар биыл Ақтөбе, Алматы, Қызылорда және Павлодарда өткізіліп, қабылдаушы елдегі негізгі құқықтар мен бостандықтарды дамыту жолында адам құқықтарын қорғау ұлттық институттарына қолдау көрсетудегі Офистің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.