ЕҚЫҰ Қазақстанда адам саудасымен күресу мәселелері бойынша судьяларға арналған семинарларды аяқтауда
2016 жылы 19 қазанда ЕҚЫҰ қолдауымен адам саудасының құрбаны болған балаларды қорғау мәселелері бойынша судьяларға арналған семинарлар топтамасының ішіндегі соңғы алтыншы семинар Астана қаласында өтті.
Қазақстанның Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясындағы өткен іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаға кіретін елдің барлық өңірлерінен жиналған 35 жуық судья қатысты. Семинар халықаралық құқықтық құралдармен жұмыс істеу бойынша, жалпы алғанда, 210 жуық судьяның әлеуетін арттыруға бағттылаған іс-шаралар топтамасын қорытындылады.
Семинарларды Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі АҚШ Астанадағы елшілігі және Сот төрелігі академиясымен бірлесе ұйымдастырып, қабылдаушы елге адам саудасымен күресуге қолдау көрсету және ЕҚЫҰ адам саудасымен күресудегі іс-қимыл жоспарын орындау аясындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының аясында өткізілді.