Жаңалықтар
ЕҚЫҰ Қазақстанда азаптауға қарсы тұру стандарттары бойынша аймақтық судьялар үшін екінші оқыту семинарын өткізуде
17 қазан 2016
2016 жылы 17 қазанда Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ел аймақтарынан келген 30 жуық судьялар үшін азаптауға қарсы тұру стандарттары бойынша екінші оқыту семинарын өткізді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шара барысында судьяларға азаптауға қарсы тұру халықаралық стандарттарын тікелей қолдану және сот төрелігін жүзеге асыруда адам құқықтарына негізділген көзқарас жайлы ұлттық сарапшылармен айтылды. Қатысушылар ұлттық заңнаманы қарастырып, оны БҰҰ шарттық органдарының жеке шағымдар бойынша шешімдерімен салыстырды.
Семинар қабылдаушы елдегі қылмыстық сот төрелігі жүйесін реформалаудағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің тұрақты қолдауының құрамдас бөлігі болып табылады.