ЕҚЫҰ Қазақстанның Шекара қызметіне арналған тәуекелдерді профильдеу бойынша семинарларын аяқтайды
АСТАНА, 10 қазан 2016 ж. – Бүгін Астана қаласында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 20 жуық офицеріне арналған трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет мақсатында профильдеу техникасы бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған оқыту семинарларының бесінші, соңғы семинары басталды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған бес күндік іс-шара қатысушыларды шекаралық бақылаудан өту барысында ықтимал қылмыскерлерді анықтаудың психологиялық тәсілдерін үйретуге бағытталған.
Қазақстан психологтары мен терапевттерінің республикалық ассоциациясы мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ) сарапшылары есірткінің заңсыз айналымына қатысты Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайына щолу ұсынады.
Іс-шаралар топтамасы психологиялық профильдеу, соның ішінде тәуекелді профильдер элементтерін анықтау мен көлік нысаны, тұлғаларға тиесілі мүлік пен сапар мақсаты арасындағы байланысты айғақтау мәселелеріне арналған. Сонымен қатар сарапшылар нақты шекаралық өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын жұмыс көлеміне байланысты түрлі тәуекелділік көрсеткіштерін қолдану жолдарын ұсынады. Оқыту семинары тәжірибелік жаттығумен жалғасады.
«Барлық елдер халықаралық терроризм, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымынан бастау алатын қауіптерге осал келеді», - деді Колин Маккалоу, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. «Шекарашылар аталған қатерлерге қарсы әрекет етуде басты элемент болып табылады және озық дағдылар мен техникаларды, соның ішінде ықтимал қауіптерді анықтау мақсатында талдауға негізделген профильдеу әдістерін игерулері қажет».
Азамат Сабырбеков, Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының аға талдаушысы: «Профильдеу жүйесі нақты қылмыстарды жасау мен құқық бұзушылықты алдын ала ықтимал тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік береді», - деді.
Оқыту семинары Алматы, Қарасу, Қазығұрт пен Петропавлда өткен іс-шаралардың жалғасы болып табылады. Іс-шара қабылдаушы елде шекаралық қауіпсіздікті нығайту мен шекараларды басқару бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқыту семинары 2016 ж. 15 қазанда жоспарланған дөңгелек үстелмен жалғасып, оның барысында оқыту семинарлар топтамасының нәтижелеріне шолу жасалады, сонымен бірге семинардың Шекара қызметінің қызметіне енгізу мүмкіндіктері талқыланады.