ЕҚЫҰ Қазақстанда жергілікті өзін өзі басқару органдарында гендерлік теңдікке жету стратегиясын қолдайды
СЕМЕЙ, Қазақстан, 4 қазан 2016 ж. – Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде қолданылатын гендерлік қағидаттар жөніндегі оқытушы семинары жоғары лауазымды мемлекеттік басқару органдарының және аудандық мәслихат депутаттарының 40 жуық өкілінің қатысуымен бүгін Семей қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өтті.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар статистикалық деректерді пайдалану арқылы жергілікті деңгейдегі бюджет пен бағдарламаларда гендерлік мәселелерді ілгерілетудегі қиындықтарды мен мүмкіндіктерді талқылады. Гендерлік теңдікті жылжытудың халықаралық стандарттарын ескере отырып, Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларында әйелдердің қатысуын кеңейту әлеуеті қарастырылды. Сонымен қатар, оқытушылар әйел кандидаттар мен жетекшілердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін сайлау кампаниялары мен коммуникациялық стратегиялардың маңыздылығын атап өтті.
«ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттері саяси және қоғамдық өмірдің барлық аспектілерінде әйелдердің толық қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді ынталандыру және қолдау міндеттемелерін өзіне алды», - деп атап өтті елші Дьердь Сабо, Астандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы. «Бүгінгі семинар гендерлік саясат, гендерлік бюджеттеу қағидаттарын толық ұсынады және жергілікті өзін өзі басқару мәселелерін жақсы түсінуге көмектеседі».
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко: «Биыл Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде. Демократиялық қоғам құру және тәуелсіздігімізді нығайтудағы негізгі бағыттарының бірі гендерлік теңгерімге қол жеткізу болды. Бұл тұрғыда, Қазақстан қысқа мерзімде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді», -деді.
Семинар қабылдаушы елде ЕҚЫҰ гендерлік теңдікті жылжыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталған ағымдағы жылғы үш іс-шаралар сериясының ішіндегі екіншісі болды.