ЕҚЫҰ профильдеу техникасы бойынша Қазақстанның шекара қызметін дайындауда
Бүгін Қарасуда, Оңтүстік Қазақстан, трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет мақсатында шекаралық өткізу пункттерінде профильдеу техникасы бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған бес оқыту семинарларының төртіншісі басталды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған бес күндік іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 16 офицері қатысуда.
Қазақстан психологтары мен терапевттерінің республикалық ассоциациясы мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ) сарапшылары есірткінің, жаңа психоактивті заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қатысты Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайына щолу ұсынады. Сарапшылар қатысушыларды шекаралық бақылау барысындағы ықтимал қылмыскерлерді анықтаудың психологиялық әдістемесіне үйретеді.
Семинар сессиялары тақырыптары ішінде сондай-ақ психологиялық профильдеу, тәуекелді профильдер элементтерін анықтау мен көлік нысаны, тұлғаларға тиесілі мүлік пен сапар мақсаты арасындағы байланысты айғақтау мәселелері аталған. Сонымен қатар сарапшылар нақты шекаралық өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын жұмыс көлеміне байланысты түрлі тәуекелділік көрсеткіштерін қолдану жолдарын ұсынады. Оқыту семинары тәжірибелік жаттығумен жалғасады.
Семинар Алматы, Қазығұрт пен Петропавлда өткен іс-шаралардың жалғасы болып табылады. Сонымен бірге ол қабылдаушы елде шекаралық қауіпсіздікті нығайту мен шекараларды басқару бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.