Маңызды экологиялық шешімдерді қабылдауға азаматтардың қатысуы Қазақстандағы ЕҚЫҰ қолдауымен өтіп жатқан сараптама отырысының назарында
2016 жылғы 29 тамызда Өскеменде, Шығыс Қазақстан облысы, Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының (ӨСАБ) тетіктерін пайдалану арқылы экологиялық шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысуын кеңейту бойынша сараптама тобының отырысы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Шығыс Қазақстан облысының Орхусс орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік органдар, жеке сектор, бейүкіметтік ұйымдар мен ғылыми саланың шамамен 40 өкілі қатысты.
Қатысушылар өңірдегі әлеуметтік инвестициялар үшін мүмкіндіктерді талқылап, маңызды экологиялық шешімдерді қабылдауда азаматтық қоғамды жұмылдыру жолдарын, экологиялық ақпаратқа кең қолжетімділікке қолдау көрсетуді, сондай-ақ мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам мен бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтуды зерттеді. Талқылау нәтижесінде сараптама тобы үшін іс-әрекеттер жоспары мен ұсыныстарды орындауды жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.
ӨСАБ елдердің өзінің мұнай, газ және минералды ресурстарын пайдалану туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін өзекті халықаралық құрал болып табылады. Жоба Офистің Қазақстандағы Орхусс конвенциясының халықаралық стандарттарын ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.