Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі нотариустар мен адвокаттарды ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет қолдану бойынша оқытуда
АСТАНА, 16 тамыз 2016 жыл - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен 45 жуық нотариустар, адвокаттар және мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған заңсыз жолмен алынған табыстардың заңдастырылуына (жылыстатылуы) және лаңкестіктің қаржыландыруына қарсы әрекет қолдану (ТЖ/ТҚҚ) бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шараны ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Халықаралық сарапшы ТЖ/ТҚҚ құралдары, стандарттары және ЕҚЫҰ-ның қаржылық емес саладағы озық тәжірибесі туралы баяндады. Жылжымайтын және жылжымалы мүлікпен байланысты мәмілелер, сонымен бірге қосымша бақылауды және кейінгі шараларды қабылдауды талап ететін жағдайлар барысында адвокаттар мен заңгерлердің міндеттемелеріне баса назар аударылды. Сонымен бірге, қатысушылар қаржылық емес сектор және билік органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын зерттеп, тәжірибелік жаттығу кезінде өз ұйымдары үшін ішкі бақылау ережелерін әзірледі.
София Айсағалиева, Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының міндетін атқарушы, адвокаттар мен нотариустар, сондай-ақ басқа да қаржылық емес сектор субъектілерімен жұмыс істеудің қажеттілігін атап өтті: «Біз оларды ақшаның жылыстатылуы және лаңкестіктің қаржыландыруы бойынша қауіптерді талдау үшін қажетті құралдармен жабдықтауымыз керек. ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттердің тәжірибесін қолдану аталған қауіптерді азайтуға жәрдемдеседі».
«Ақшаның жылыстатылуы және лаңкестіктің қаржыландыруының түрлері мен әдістері уақыт өте келе аса алғыр болып келеді», - деп айтты Рати Джапаридзе, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Экономика және экология бөлімінің басшысы. «Сондықтан біздің міндетіміз ұлттық мемлекеттік органдар мен жекеменшік ұйымдар, сондай-ақ халықаралық құқық қорғау құрылымдары арасындағы тиімді ынтымақтастық арқылы көрсетілген құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларға ден қою болып табылады».
Іс-шара ақшаның жылыстатылуына және лаңкестіктің қаржыландырылуына қарсы іс-қимыл бойынша төрт семинар топтамасының ішіндегі екіншісі болып табылады. Семинарлар топтамасы тиімді басқаруды ілгерілету, және де ақшаның жылыстатылуы және лаңкестіктің қаржыландырылуына қарсы іс-қимылдар саласындағы Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.