ЕҚЫҰ Қазақстанда азаптауды алдын алудың ұлттық тетігін жүзеге асыру бойынша оқыту семинарлар топтамасын қорытындылауда
2016 ж. 2 тамыз жұлдызында Ақтөбеде (Батыс Қазақстан) Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі азаптауды алдын алудың ұлттық тетігінің (ҰАТ) 100 жуық мүшелері үшін екі күндік оқыту семинарлар топтамасын тамамдады.
2016 ж. мамыр мен тамыз аралығында қатысушылар Павлодар, Алматы, Астана мен Ақтөбеде ҰАТ тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытудан өткен болатын.
Оқыту семинарлары бақылау, есеп беру мен қамауда ұстау орындарына алдын ала бару барысындағы механизмнің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталды. Ұлттық сарапшылар ҰАТ мүшелерімен азаптауға қарсы ұлттық және халықаралық стандарттарға сай жұмыс рәсімдері мен әдістемені, адам құқытары бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етудегі сын-қатерлер мен этика мәселелерін талқылады. ҰАТ пен құқық қорғау секторы арасындағы ынтымақтастық қажеттілігіне баса назар аударылды.
Семинарлар топтамасы Қазақстанның Омбудсмен офисі, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының аймақтық өкілдігімен бірлесе ұйымдастырылып, ҰАТ нығайту мен Азаптауға қарсы БҰҰ Конвенциясына қосымша Факультативтік хаттаманы іске асыруды ілгерілету бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.