ЕҚЫҰ Қазақстандағы ауылды жерлердегі «жасыл» технологияларға назар аудара әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына ықпал етуде
2016 жылғы 29 шілдеде Орталық Қазақстандағы Арнасай ауылында ЕҚЫҰ қолдауымен «жасыл» технологиялар саласындағы жұмыс бойынша кәсіпкер-әйелдер үшін бес оқыту семинар топтамасының ішіндегі төртіншісі басталды.
Аталған семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясымен бірлесіп Орталық Қазақстандағы ауылды жерлерінен келген шамамен 20 қатысушысы үшін тиімді бақшашылық саласындағы «жасыл» технологияларды қолдану, соның ішінде энергия- және суды сақтайтын технологияларды енгізу, тамшылатып суару, күн жылыжайларын пайдалану, вермоәдістерді тарату бойынша олардың хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырды.
«Біз ауылды жерлердегі «жасыл» бизнестің дамуына ықпал етудегі әйелдердің рөлін аса маңызды және елеулі деп санаймыз. Себебі олар көп жағдайда ауыл шаруашылығы мен үй шаруашылығын жүргізу бойынша жұмыстарға жұмылдырылады. Аталған жұмыстар қазіргі кезде шалғай өңірлердегі отбасы мен қоғамды асыраудың негізгі қызметтерінің бірі болып табылады,» деді Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы. «Сондықтан Офис аталған саладағы тәжірибе мен технологиялармен алмасуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін хабарлайды».
Аталған іс-шара Офистің «жасыл» өсу, экологиялық қауіпсіздік қағидаттарын ілгерілетуге, және де экономикалық қызметтегі әйелдердің рөлін нығайтуға бағытталған көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.