ЕҚЫҰ Қазақстанның оңтүстігінде су ресурстары мәселелері бойынша ынтымақтастықты қолдауда
28 шілде күні Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Шу-Талас Бассейні Кеңесінің он бірінші отырысы өтті.
Іс-шараны Офис Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Шу-Талас Бассейні Кеңесі, Жамбыл облысы әкімдігі және Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығымен (ОАӨЭО) тығыз ынтымақтастықта өткізді. Өңірлік су қорғау органдарының, жеке сектор мен азаматтық қоғамдастықтың 15 жуық өкілі судың сапасын арттыру, сондай-ақ Жамбыл облысындағы су ресурстарын бөліп тарату және сақтау бойынша мәселелер мен мұқтаждықтарды талқылады.
ОАӨЭО-ның ұлттық сарапшылары іс-шараға қатысушыларды Су ресурстарын бірлесіп басқарудағы (СРББ) үздік тәжірибені енгізу мәселелері бойынша соңғы технологиялар мен реформалармен таныстырды, сонымен бірге халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді бассейндік жоспарлау бойынша жоспарды ұсынды. Отырыс сондай-ақ қоғамның мағлұмат алуын арттыруға және Шу-Талас Бассейні Кеңесінің қызметімен байланысты ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге үлесін қосты.
Аталған іс-шара Офистің су ресурстарын тиімді басқару саласындағы мемлекеттік мекемелердің әлеуетін нығайту мен мағлұмат алуын арттыруға бағытталған көпжылдық жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.