ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда жетілдіріліп жатқан қылмыстық заңнамаға байланысты адвокаттарға арналған оқытуды қолдауда
АСТАНА, 22 шілде 2016 жыл - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның солтүстік өңірлерінен жиналған 30 жуық адвокаттарға арналып, жетілдіріліп жатқан қылмыстық заңнаманы түсінуді, ортақ түсіндірме беруді және іске асыруды жақсартуға бағытталған екі күндік оқыту семинары басталды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Петропавл заңгерлері жиналған іс-шараны ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Республикалық адвокаттар алқасы және Алматы қалалық адвокаттар алқасымен ынтымақтастықта Астана қаласында ұйымдастырып отыр.
Баяндамалар заңгерлік қорғаудың жаңа әдіс-тәсілдері, қылмыстық іс жүргізуде тергеу судьяларының институты, адвокаттардың құқықтық қауіпсіздігінің халықаралық кепілдіктері, дәлелдемелер жинау, куәгерлерді сұрау мәселелеріне арналады. Сонымен қатар адвокаттардың азаматтармен, қылмыстық істі жүргізуші лауазымды тұлғалармен, БАҚ және әлеуметтік желілермен өзара іс-қимыл жүргізу жайлы тақырыптар талқыланатын болады.
«Сот процесінің тең тараптары ретінде судьялар, прокурорлар мен адвокаттарды тиісті дайындықтан өткізу өте маңызды болып табылады», - деді Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы. «Тәуелсіз институт ретінде адвокатура адвокаттардың кәсіби дайындығы үшін қажетті ресурстарға мұқтаж. Аталмыш тренинг көрсеткендей, ЕҚЫҰ мұндай бастамаларды қолдауға дайын».
Қадыржан Баймұханова, Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары: «Қарқынды дамып келе жатқан заңнаманың ағымдағы жағдайында, заңнама жаңалықтарына байланысты осындай оқыту семинарлары адвокаттардың жоғары кәсіпқойлығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады», - деп айтты.
Семинар барысында сонымен қатар жаңа ақпараттық технологиялар мен электрондық үкімет, тиісті этикалық және кәсіби талаптар туралы, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандарттар және ең үздік тәжірибе жайлы айтылады.
Іс-шара осы күзге жоспарланған төрт семинар топтамасының ішіндегі біріншісі болып табылады. Болашақ семинарлар Алматы, Ақтөбе және Өскемен қалаларында өтеді. Семинарлар топтамасы заң үстемдігін нығайту және қабылдаушы елдегі сот реформасын қолдау үшін Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.