ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда жала жабу мен қорлау туралы заңнама бойынша қоғамдық тыңдауды қолдауда
АСТАНА, 21 шілде 2016 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен ҚР Жоғарғы Сотының «Азаматтардың және заңды тұлғалардың ар намысын, қадір қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы заңдарды сот тәжірибесінде қолдану туралы» қаулысы бойынша ҚР Жоғарғы және облыстық соттар өкілдері, адвокаттар, журналисттер, БАҚ сарапшылары, сонымен қатар дипломатиялық корпус пен азаматық қоғамның 25 жуық өкілдері қатысқан қоғамдық тыңдау басқосуы болып өтті.
Қатысушылар диффамация бойынша ағымдағы сот істеріне шолу жасап, ұлттық заңнама мен оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сондай-ақ Жоғарғы Сот қаулысы жобасына ұсынымдарды талқылады.
«ЕҚЫҰ жала жабуды толыққанды декриминализациялау мен аталған істерді дауларды шешу органдары немесе азаматтық соттарда әділ қарастыруды жақтайды», - деді Колин Маккалоу, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер бойынша кеңесшісі. «Бұл сыбайлас жемқорлықты тиімді анықтау мен оған қарсы күрес, сондай-ақ заңды қоғамдық сынға түскен аға лауазымды тұлғаларды асыра қорғауды болдырмау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын қолдауда маңызды болып табылады».
«Бүгінгі қоғамдық тыңдау – нормативтік қаулыларға қосымша сараптамалық талдау жасау бойынша ерекше прецедент. Бұл талқылау тақырыбы шеңберінде сараптамалық пікір мен қорытындыларды ескеріп, кешенді ұсыныстар алуға мүмкіндік беретін жұмыстың салыстырмалы жаңа нысаны болып табылады», - деп түйіндеді Болат Кальянбеков, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдауымен және ҚР Жоғарғы Соты, Халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі, Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорымен ынымақтастықта ұйымдастырылды, және де ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ пен пікір білдіру бостандығын ілгерілетуге бағытталған Офис қызметінің шеңберінде өтуде.