ЕҚЫҰ Қазақстанда азаптауды алдын алу жөніндегі оқытушы семинарды қолдауда
АСТАНА, 4 шілде 2016 жыл - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен азаптауды алдын алуды ұлттық тетігін (ҰАТ) іске асырудың тәжірибелік аспектілері бойынша екі күндік оқыту семинары басталды.
Қамауда ұстау орындарына алдын ала бару, оларды бақылау және есеп беру жөніндегі ҰАТ әлеуетін нығайтуға бағытталған төрт іс-шаралар топтамасының үшіншісіне 20 жуық ҰАТ мүшелері қатысты.
«Сіздер азаматтар мен құқық қорғау органдарының арасында өзара іс-қимылының сенімді күші бола отыра, қамауда ұстаудың түрлі орындарына барғандағы жұмыстарыңыз осы тұрғыда біздер үшін белгілі ақпарат пен өлшеу береді», - деді Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы. «Мұндай оқыту іс-шаралары жалпы әдістеме мен тәсілдерді әзірлеу үшін, сондай-ақ билікті асыра пайдалану мен қатыгез және адамның қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерді болдырмау үшін әлеуетті арттыруда тиімді болып табылады».
Семинар барысында жұмыс тәртібі мен әдістемелері, абақты орындарында адам құқықтарының мониторингі бойынша негізгі міндеттемелерді іске асыру және ҰАТ мандатын жүзеге асыру кезінде этикалық мәселелер талқыланды. Азаптауға қарсы ұлттық және халықаралық стандарттары туралы да сөз қозғалды.
Ерекше назар ҰАТ пен құқық қорғау органдарының, прокуратура, түрме әкімшілігі, қоғамдық денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында ынтымақтастыққа аударылды.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (Омбудсмен) бірлесе отыра Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының аймақтық өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Семинарлар топтамасы қабылдаушы елдегі ҰАТ пен Азаптауларға қарсы БҰҰ Конвенциясына қосымша Факультативтік хаттаманы іске асыруды қолдау үшін ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.