ЕҚЫҰ адам құқықтары саласындағы халықаралық ұсынымдарды іске асыру бойынша отырысты ұйымдастыруда
2016 ж. 13 шілде күні Алматыда 40 жуық ұлттық сарапшылар Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен «Адам құқықтары хартиясы» Қоғамдық Қоры бірлесіп ұйымдастырған адам құқықтарын қорғау саласында ұсынымдарды жүзеге асыру жөніндегі басқосуға қатысты.
Қатысушылар адам құқықтарына байланысты ұсыныстарын талдаудан өткізіп, тиімділік көрсеткіштерінің дәйекті бағалау әдістемесі жиынтығын әзірледі.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің мандаты, негізгі бостандықтар, азаптаудың тіркелген істеріне және кемсітпеушілік қағидаларына ерекше назар аударылды. Отырыстың нәтижесінде тиісті мекемелерге арналған ұсынымдар жиынтығы дайындалатын болады.
Іс-шара қабылдаушы мемлекетте адам құқықтары көрсеткіштерін әзірлеу және оның орындалуына халықаралық стандарттарға сәйкес баға беруді жақсартуды қолдау жөніндегі жобасы шеңберінде өтті.