ЕҚЫҰ Қазақстандағы қоршаған ортаны қозғайтын шешімдерді қабылдау үдерісіне қоғамның қатысуы бойынша дөңгелек үстелге қолдау көрсетуде
ПАВЛОДАР, Қазақстан, 2016ж. 12 шілде – Бүгін Павлодар қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұлттық және жергілікті мемлекеттік органдар, жеке сектор, азаматтық қоғам және ғылыми қауымның 25 жуық өкіліне арналған қоршаған ортаны қозғайтын шешімдерді қабылдау үдерісіне қоғамның қатысу механизмдері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдауымен және Павлодардағы Орхус орталығымен әріптестікте жүзеге асырылған экологиялық маңызды мәселелерде шешімдерді қабылдау үдерісі және Орхус конвенциясының ережелері туралы хабардарлықты арттыру бойынша жобаны қорытындылайды.
Қатысушылар экологиялық ақпаратқа қолжетімділікке қатысты көкейкесті мәселелерді талқылады, сондай-ақ Орхус конвенциясының одан әрі тиімді жүзеге асырылуына қолдау көрсету жолдарын зерттеді. Сонымен бірге олар жоба мен жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қарастырып, кезектегі іс-әрекеттерді талап ететін сәйкес органдар үшін ұсыныстарды әзірледі.
«Елдің демократиялануына ұмтылысы қоршаған ортаны қозғайтын шешімдерді қабылдауда қоғамның қатысуымен тығыз байланысты. Қоғамның басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуын дамытудағы мемлекеттік органдар рөлінің маңыздылығын ескеріп, және де осы үдерісті жақсартуға талпына отырып, аталған дөңгелек үстелдің жұмысын аса маңызды деп санаймын», - деп атап өтті Әйгерім Қабылтаева, Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Басшысының орынбасары.
Колин Маккалоу, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі қоғамның қатысуы үдерістің ашықтығына үлесін қосып, қабылданатын шешімдер сапасын арттыратыны жөнінде атап өтті. «Бүгінгі іс-шара өңірдегі экологиялық мәселелерді шешудегі барлық тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізеді, сондай-ақ бұл мәселелерді шешудегі бірлескен ұстанымдарды әзірлеу қажеттілігін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді», - деп түйіндеді.
Іс-шара тиісті басқару және қоршаған ортаны қорғауды ілгерілетудегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол Орхус конвенциясы ережелерін сақтауды жақсарту және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау үдерісіндегі қоғамның тиімді қатысуына үлес қосу жөніндегі сәйкес Маастрихт ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша қабылдаушы мемлекет үкіметінің жоспарларын толықтырады.