ЕҚЫҰ қолдауындағы Орталық Азия жастар желісі диалогты жаңартуға, сенім мен қауіпсіздікті қайта құруға назар аударуда
АЛМАТЫ, 2016 ж. 5 шілде – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Орталық Азия жастар желісінің жыл сайынғы форумы мен семинары бастау алды.
Үш күндік іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен 35 жуық Орталық Азия, Ауғанстан мен Моңғолиядан келген университеттер студенттері мен желінің түлектері, сонымен қатар ЕҚЫҰ өкілдері мен Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия мен Ресей Федерациясы сарапшыларына арналып ұйымдастырылды.
Биылғы форумның тақырыбы – «Диалогты жаңарту, сенім мен қауіпсіздікті қайта құру» Германияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы басымдықтарына сәйкес айқындалды. Қатысушылар Орталық Азия өңірі мен одан тыс аймақта кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті қатерлерін, сонымен қатар олардың өз қоғамдастықтары шеңберінде және көрші елдермен ынтымақтастықта шешу жолдарын талқылайды. Оған қоса олар негізгі бостандықтар мен адам құқықтарын ілгерілетуде азаматтық қоғам рөлін талқылап, өзара байланыстылық пен көпжақты ынтымақтастыққа негізделген интеграция жолында Орталық Азиядағы ықпалдастықты қайта қарастырады.
«Орталық Азия жастар желісі арқылы біз сіздер өз қоғамдастықтарыңыз бен елдеріңіз үшін жауапкершілікті жүктеген кезде өңірдегі өзекті қауіпсіздік қатерлері жөнінде хабардар екеніңізді нық айта аласыздар деп сенеміз», - деп Дьёрдь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы атап өтті. «Оған қоса, сіздер аталған қатерлерге қарсы әрекет мәселесі бойынша өңірдегі үздік халықаралық сарапшылар пікірлерін тыңдадыңыз».
Ренате Шимкорайт, Алматыдағы Германия Федеративті Республикасының Бас консулы, Германияның ЕҚЫҰ төрағалығының басымдықтары жөнінде баяндады. Пал Дунай, Бішкектегі ЕҚЫҰ Академиясының директоры мен Милена Стосич, Жастар мен қауіпсіздік мәселелері бойынша ЕҚЫҰ Төрағасының Арнайы өкілі, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаларын ілгерілетуде және де ауқымды өңірлік шеңберде қауіпсіздік қауіп-қатерлеріне қарсы әрекетте жастарды қатыстыру мәселелеріне тоқталады. Жастарды ЕҚЫҰ-ның «Зорлық экстремизмге қарсы әрекетте біргеміз» атты науқанына қатыстыруға баса назар аударылады.
Форумнан кейін мемлекеттік басқару, азаматтық қоғамды, байланыстар желісін дамыту және мәліметтерді өңдеуде технологияларды қолдану бойынша оқыту семинарлары өтеді. Іс-шара командалық рухты нығайтуға бағытталған ашық ауадағы жаттығумен тамамдалады.
Нұрлан Дулатбеков, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, ұлттық және аймақтық қауіпсіздік бөлігі ретіндегі әлеуметтік қауіпсіздікті дамытудың рөлі және бастапқы деңгейде жастарды қатыстыру арқылы зорлық экстремизмге қарсы әрекет бастамалары жөнінде пікір бөлісті.
Іс-шара жастардың заманауи қауіпсіздік қауіп-қатерлерін түсінуді кеңейту мен оларға қарсы тұруда ЕҚЫҰ рөлін талқылау бойынша Офис қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.