ЕҚЫҰ Қазақстандағы төмен көміртекті заттардың шығарылуы бойынша талқылауларға қолдау көрсетуде
Төмен көміртекті экономикаға көшу және Қазақстанның Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімі шеңберіндегі тиісті міндеттемелерін орындау 2016 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл» экономикаға көшу бойынша кеңес отырысының тақырыптары болды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен 30 шақты Үкіметтен, БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуропалық қайта құру және даму банкі, АҚШ халықаралық даму агенттілігінен (USAID) келген халықаралық және ұлттық сарапшылар, сондай-ақ жеке және үкіметтік емес саланың өкілдері үшін ұйымдастырылды. Офис қолдауымен әзірленген және басып шығарылған Қазақстандағы пәрнектік газдар шығарылуының жағдайы туралы талдамалық құжат, және де шығарындылардың сауда жасау жүйесі және Аустралия, Қытай, Жапония және Ресейдің «жасыл» өсу бойынша үздік халықаралық тәжірибесі туралы баяндама іс-шара аясында таныстырылды.
Премьер-министр Кәрім Мәсімов төрағалығымен өткен отырыста қатысушылар Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімінің міндеттемелерін қарастырды, төмен көміртекті экономикаға көшу, шаруашылық қызметтің қалдықтарын азайту және тұрақты даму мүмкіндіктерін арттыру үшін үкімет, индустрия кәсіпорындары және басқа да мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуінің алдағы бағыттарын талқылады.
Отырыстың нәтижесі ретінде қатысушылар Қазақстанның Климат өзгеруі жөніндегі Париж келісімін ратификациялау және елдегі пәрнектік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша Іс-әрекеттер жоспарын іске асыруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар тізімін қабылдады.
Іс-шара жасыл өсу және орналасқан елдегі тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету жөніндегі Офистің ұзақ мерзімді жұмыстарының бөлігі болып табылады.