ЕҚЫҰ Теңiздiң кемелерден ластануына жол бермеу жөнiндегi Халықаралық конвенциясы бойынша оқыту семинардың өткізілуіне қолдау көрсетуде
АҚТАУ, Қазақстан, 30 маусым 2016 ж. – Бүгін Ақтау қаласында МАРПОЛ Конвенциясы ретінде танымал Теңiздiң кемелерден ластануына жол бермеу жөнiндегi Халықаралық конвенциясын іске асыру мәселелеріне арналған орталық және өңірлік мемлекеттік органдар, мұнай өндіруші және кеме жасаушы компаниялар, азаматтық қоғам және Орхус орталығынан келген 40 жуық қатысушылар үшін ЕҚЫҰ қолдауымен оқыту семинары өз жұмысын бастады.
Екі күндік іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті, Жайық-Каспий Орхус орталығы және Халықаралық теңіз орталығымен (ИМО) бірлесе тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушылар ИМО жұмысының басты аспектілері туралы мағлұмат алып, МАРПОЛ Конвенциясы және оның қосымшаларын жүзеге асыру мәселелерін қарастырады. Сонымен бірге, олар аталған саладағы үздік халықаралық тәжірибемен танысып, Каспий теңізінің ластануын алдын алатын тәжірибелік рәсімдерді талқылайды.
«МАРПОЛ Конвенциясы экологиялық қауіптерді алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін көздейтін тиімді халықаралық құқықтық құрал болып табылады», - деп атап өтті Рати Джапаридзе, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Экономика және экология бөлімінің Басшысы. «Қазақстан МАРПОЛ Конвенциясының тарапы болып табылатынын ескере отырып, бүгінгі семинар секілді оқытушы іс-шаралар аталған Конвенцияны іске асыруда, сәйкесінше Каспий өңірінде қоршаған ортаны ластану қауіптерін азайтудағы маңызды қадам болып табылады».
«2017 жылдың қаңтарында Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымына мүше-мемлекет ретінде теңізде жүзу қауіпсіздігі және теңіз ортасын қорғау саласындағы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес келуі бойынша міндетті аудиттен өтуі тиіс», - деп түйіндеді Гүлшат Дәуешова, Инвестициялар және даму министрлігінің Су көлігі басқармасының Бас сарапшысы. «Бүгінгі семинар теңіз көлігі саласы стандарттарының дамуын жаңа деңгейге жеткізетін конструктивті ұсыныстарды әзірлеуге үлес қосатынына сенеміз».
Оқыту семинары Қазақстанда халықаралық конвенцияларды ілгерілету, сондай-ақ елдегі экологиялық қауіпсіздік бойынша ЕҚЫҰ концепциясын және дүлей апаттар қауіптерін басқаруда қолдау көрсетудегі Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.