Шекарашылар Қазақстандағы ЕҚЫҰ өңірлік іс-шара барысында құжаттар қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытудан өтуде
АЛМАТЫ, Қазақстан, 2016 ж. 22 маусым – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен құжаттар қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан қатысушы 20 жуық шекара қызметкерлеріне арналған оқытушылар үшін өңірлік тренинг өз жұмысын бастады.
Үш күндік іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Орталық Азияда шекараларды басқаруға қолдау бағдарламасымен (БОМКА) ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Латвия мен Словакия сарапшылары жалған жол құжаттарын анықтау, құжаттарды бақылау, құжатты қорғауда қағаз және полимерді түптөсемдерді пайдалану, кәдімгі баспа техникасын қолдану, фотосуреттерді қорғау, екі мәртелі тексеру және шекарадан өтуде тіркелу рәсімі барысында ықтимал қылмыскерлерді анықтауда профильдеу әдістемесін қолдануды қоса алғанда құжаттардың халықаралық қауіпсіздігі саласында озық тәіжірибемен алмасады. Тәжірибелік жаттығулар барысында қатысушылардың халықаралық шекарадан өту үшін қылмыскерлердің қолданатын жалған құжаттардың түрлі нысандарын анықтау мақсатында алуан елдердің жол жүру құжаттарымен жұмыс жасауға мүмкіндігі болады.
«Мемлекет шекарасын қорғау үшін барлық жол құжаттарын тексеру әдістеме түрлері, әрі жалған құжаттардың ортақ өзіне тән айқын жақтары жөнінде хабардар болу өте маңызды», - деп атап өтті Колин Маккалоу, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер бойынша кеңесшісі. «Осы тұста ең ұтымды бағыт – сәйкесінше технологиялармен танысу және мүдделі мекемелермен өзара ақпарат пен тәжірибемен алмасу».
Гунта Лагановска, семинар жетекшісі мен Латвия Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі Орталық департаменті сараптамалық қызметінің басшысы: «Шекара қызметтері арасындағы халықаралық ынтымақтастық заңсыз көші-қонды алдын алу жүйесінің өзекті бөлігі болып табылады. Жалған құжаттарды анықтауда тәжірибе мен ақпаратпен алмасу осы семинардың барлық қатысушыларының кәсіби біліктілігін жетілдіруге септігін тигізеді. Оқытушыларға арналған тренинг олардың қызмет орындарында шекарашылардың басым көпшілігіне жаңа дағдыларды жолдап үйретуге мүмкіндік ашады», - деп түйіндеді.
Семинар Қазақстанда шекара қауіпсіздігі концепциясын дамыту бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.