ЕҚЫҰ Қазақстанда су ресурстарын басқару мәселелері бойынша маманданатын жас сарапшыларды оқытуда
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының 25 студенттеріне арналған су ресурстарын басқарудың тиімді әдістері жөніндегі екі күндік семинар-тренинг өз жұмысын Қызылорда қ. 2016 жылдың 10 маусым күні аяқтады.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясымен бірлесіп су көлемін өлшеу теориясы мен соңғы технологияларын үйрету мақсатында жас мамандар үшін ұйымдастырды. Тренинг пікірталас, тиісті оқу материалдарымен танысу және Байқадам мен Қызылорда гидроторабтарына баруды көздеді.
Тренинг барысында ұлттық сарапшылар оның қатысушыларына ұлттық су секторындағы ағымдағы сын-тегеуріндер мен даму бағыттарын жаңаша түсінуге негізделген бірқатар ұсынымдар әзірлеуге көмектесті. Сонымен қатар аталған жоба жас мамандарға жетекші су саласындағы сарапшылардың басшылығымен магистр деңгейіндегі диссертацияны дайындау мен қорғауға мүмкіндік берді.
Жоба 2010 жылы Халықаралық қор мен ЕҚЫҰ Офисі жасасқан Өзара түсіністік туралы меморандумның міндеттемелеріне негізделген. Бұл құжаттың негізгі міндеті – Арал теңізі алабы және оның су ресурстарының нәзік экожүйесін сақтау жөніндегі бастамаларды қолдау.