БАҚ пен соттардың өзара әрекеттестігі Қазақстанда ұйымдастырылған ЕҚЫҰ қолдауындағы тренинг назарында
АСТАНА, 2016 ж. 9 маусым – Бүгін Астанада Қазақстанның Жоғарғы Соты мен облыстық соттардың 25 жуық өкілдеріне арналған сот ақпаратын ілгерілету бойынша екі күндік оқыту семинары басталды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Фридрих Эберт Қоры және Қазақстанның Жоғарғы Сотымен ынтымақтастықта ұйымдастырылып, соттар мен БАҚ өзара әрекеттестігінің үздік тәжірибесі, сот ақпаратын тарату мен түсініктеме беру, БАҚ-та сот істерін жариялау мен сұхбаттың техникалық дағдылары мәселелерін қамтиды.
БАҚ пен байланыс бойынша танымал отандық сарапшылардың жетекшілігімен қатысушылар теориямен танысып, баспасөз мәлімдемесін дайындау, БАҚ-пен өзара әрекеттесу және байланыстың ашық арналарын ілгерілету бойынша тәжірибелік жаттығулардан өтеді.
«Сот қызметінің ұтымдылығы негізінен оның дұрыс ақпараттық жарияланымына тәуелді», - деді Ербол Рахымбеков, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы. «Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Судьялардың алтыншы съезінде белгілегендей, ақпараттың ашықтығы мен дәйектілігі сот жүйесі қызметінің басым бағыты болып табылады».
Колин Маккалоу, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер бойынша кеңесшісі, келесідей атап өтті: «Сот жүйесіне сенімді нығайтуға ат салысу мақсатында күрделі құқықтық рәсімдерді қоғамның барлық топтарына түсінікті болатындай нысанда жеткізу қажет. Бұрыс жағдайда қоғамның өзінің шағымдарын қамтамасыз ету және әділеттілікті іздеуде құқықтық жүйеге қатысуға ниеті төмен деңгейде болуы мүмкін».
Іс-шара қабылдаушы елдің сот жүйесі мен БАҚ өзара әрекеттестігі бойынша реформаларды ілгерілетуде Офистің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.