Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын пайдалану арқылы экологиялық шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысуы ЕҚЫҰ іс-шарасының назарында
ӨСКЕМЕН, Қазақстан, 2016 ж. 3 маусым – Бүгін Өскеменде Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) пайдалану арқылы экологиялық шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысуы бойынша мемлекеттік органдар, бизнес, азаматтық қоғам мен ғылыми саланың шамамен 40 өкілі үшін ЕҚЫҰ қолдауымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Шығыс Қазақстан облысының Орхусс орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылып, негізгі назары өңірдегі өндіруші компаниялардың қоршаған ортаға әсері мен әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне аударылды.
Қатысушылар табиғи ресурстарды ашық және есеп беріп басқаруды ілгерілету жолдарын талқылады, барлық мүдделі тараптар арасындағы тиімді сұхбатқа көмектесу мақсатында ӨСАБ тетіктерін қолдану және елдер мұнай, газ және минералды өнеркәсіпте ашықтықты қалай қамтамасыз ететіні туралы хабардарлықты жоғарылату әдістерін талқылады.
«Бүгінгі іс-шараның маңызы ерекше, себебі ол өндіруші компаниялар қызметінің экологиялық салдарлары мәселелерін, сондай-ақ бұл үдерісті реттеуде мемлекеттің рөлін талқылауға мүмкіндік береді. Біз талқылау барысында шығарған шешімдер өңірде жобаны сапалы іске асыруға ықпал ететініне сенеміз», - деді Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы Бастығының орынбасары Ирина Смит.
Рати Джапаридзе, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі: «ӨСАБ іске асыру ел жоғары ашықтықты және есептілікті қолдайтынын анық түсіндіре отырып, инвестицияларды ынталандыра алады. Сондықтан Үкіметтен басқа, компаниялар мен инвесторлар қуатты инвестициялық ортаны дамыту мақсатында ӨСАБ пайдалана алады», - деді.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі аясында ӨСАБ тұжырымдамасын ілгерілету үшін көп тарапты сараптама тобын құруды қолдауға бағытталған. Бұл Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде Орхусс конвенциясының халықаралық стандарттарын ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді қызметінің бөлігі болып табылады.