Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жылдық есебінің жариялануын қолдауда
АСТАНА, 27 мамыр 2016 ж. – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсмен) 2015 жылы қызметі туралы есебінің тұсаукесері 60 жуық Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, заңгер ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада өтті.
Іс-шараны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары аймақтық басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Қатысушылар жыл сайынғы есепке кірген адам құқықтары ахуалын қадағалауға қатысты мәліметтерді және мемлекеттік органдар үшін дайындалған ұсыныстарды талқылады. Талқылау тиісті есеп жылындағы мекеменің жүргізген негізгі қызметін талдауға, оның ішінде 2015 жылы Омбудсменнің атына азаматтардың, азаматтық қоғам институттарының және құқық қорғау ұйымдарынан келіп түскен шағымдарға арналды.
«Уәкілдің мекемесі қоғамның түрлі топтарының, оның ішінде балалардың, мүгедек адамдардың, сотталғандардың және басқа да әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау үшін өз жұмысын жалғастыруда», - деп Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров мәлім етті. Ол әлеуметтік, экономикалық, мәдени, еңбек, тұрғын үй құқықтарын іске асыру, сондай-ақ ақпарат бостандығы, азаптауды алдын алу және басқа да мәселелелер Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің жіті назарында қалатынын атап өтті.
«Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жылдық есебі атқарылғанды қорытындылау, жалпы елдегі адам құқықтарының ахуалын бағалау және осы саладаға жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін негізгі құрал болып табылады», - деп айтты Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо.
Есептің ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы мен жариялануы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдауымен іске асырылды.
Іс-шара Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекемелердің әлеуетін нығайту бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.