ЕҚЫҰ қоршаған ортаға қатысты шешімдер қабылдауда жұртшылықтың қатысу тетіктері жөніндегі оқыту семинарды қолдауда
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Павлодардың Орхусс орталығымен ынтымақтастықта 2016 жылы 21 мамырда Павлодарда мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының 20 жуық өкіліне арналған экологиялық шешімдер қабылдауда жұртшылықтың қатысу тетіктері жөніндегі үш оқу семинар топтамасының ішіндегі алғашқы басқосуды өткізді.
Қатысушылар Орхусс конвенциясының ережелерін іске асырудың құқықтық құралдары жайында хабардар болып, экологиялық шешімдер қабылдау үдерісіндегі тәжірибелік тетіктермен танысты және экологиялық ақпаратқа қолжетімділік бойынша мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар азаматтық қатысуды дамытудың ағымдағы беталысын қарастырды және Орхусс конвенциясының үш ережесін іске асыру жолында мүдделі тараптармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.
Екінші оқу семинары Екібастұзда 25 мамырда өтіп, үшінші семинар Ақсуда өтетін болады. Қатысушы мүдделі тараптар үшін жоба нәтижелерінің тұсаукесері және ұсынымдар әзірлеу шілдеде Павлодар қаласында ұйымдастырылатын қорытынды дөңгелек үстелде өтеді.
Оқу семинарлары Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде Орхусс конвенциясын ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.