ЕҚЫҰ IX Астана экономикалық форумында энергия тиімділігі мәселелерін талқылауды қолдайды
АСТАНА, 2016 ж. 25 мамыр – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен IX Астана экономикалық форумы шеңберінде Парламент, халықаралық сарапшылар, бизнес, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың 100 жуық өкілінің қатысуымен «Болашақ энергиясы: жаһандық үрдістер мен технологиялар» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Қатысушылар Қазақстанда төмен көміртекті экономикаға көшумен байланысты сын-қатерлерді, сондай-ақ жасыл экономиканы дамытудың келешегі жөніндегі мәселелерді талқылады.
«Бүгінгі таңда туындаған жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін Қазақстан көміртектің шығарылуын төмендету бойынша мемлекеттік саясатты және «жасыл» экономиканы дамытуды белсенді жүргізуде», - деді Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі. «Біз «Болашақ энергия» тақырыбына бағытталған ЭКСПО-2107 жаңа энергия көздерін дамытуға және барлық адамзат үшін жаңғыртылмалы энергия көздерін дамыту жөніндегі озық тәжірибелерді енгізуге күшті серпін беретініне сенеміз».
«Энергияны ұтымды пайдалану елдің энергия жеткізіліміне тәуелділігін төмендетуге көмектесе алады, бұл энергетикалық қауіпсіздікті күшейтеді және тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу ниетін қолдайды және аталмыш салада ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттердің озық тәжірибесімен танысуда қажетті сараптама мен қолдау көрсетуге дайын», - деп атап өтті Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы.
Аталған іс-шара қабылдаушы елде жасыл экономика қағидаларын және энергия тиімділік тәжірибесін дамыту бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің жүзеге асырып жатқан қызметінің жалғасы болып табылады.