ЕҚЫҰ профильдеу техникасы бойынша Қазақстанның Шекара қызметін дайындауда
АЛМАТЫ, Қазақстан, 2016 ж. 23 мамыр – Бүгін Алматыда трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет мақсатында шекаралық өткізу пункттерінде профильдеу техникасы бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған оқыту семинарларының алғашқысы басталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 20 жуық офицерлері Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі АҚШ Елшілігі мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (ЦАРИКЦ) бірлесіп ұйымдастырылған бес күндік іс-шараға қатысуда.
Қазақстан психологтары мен терапевттерінің республикалық ассоциациясы мен ЦАРИКЦ сарапшылары есірткінің заңсыз айналымына қатысты Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайына және шекаралық бақылау барысындағы ықтимал қылмыскерлерді анықтаудың психологиялық әдістемесіне шолу ұсынады.
«Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен лаңкестік топтардан туындайтын қатерлерге қарсы әрекет жолында шекарашылар өздерінің қолданыстағы бар тетіктерін пайдалануы тиіс», - деп атап өтті Мирко Гюнтер, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары. «Профильдеу техникасында үздік тәжірибені қолдану мен тәуекелділік көрсеткіштерін түсіну шекаралар қауіпсіздігін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді және шекарашылар қызметін одан да жетілдіре түседі».
Генерал-майор Б.М. Жүнісов, ЦАРИКЦ Директоры, өзінің сәлемдеме сөзінде жолдағандай: «Шекаралық бақылауда профильдеуді ұйымдастыру тек трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа ғана емес, лаңкестік әрекеттерге де қарсы тұрудың салыстырмалы жаңа, әрі ұтымды әдісі болып табылады. ЦАРИКЦ трансұлттық есірткі тасымалы қылмысының заңсыз әрекеттерін болдырмау бойынша халықаралық операцияларды үйлестіру мен ақпараттық-сараптамалық жұмыс шеңберінде ЕҚЫҰ мен Халықаралық есірткімен қүрес және құқық қорғау бөлімінің (INL) осындай шаралары мен бастамаларын болашақта әрі қарай қолдауға дайын».
Семинар сессиялары тақырыптары ішінде сондай-ақ психологиялық профильдеу, тәуекелді профильдер элементтерін анықтау мен көлік нысаны, тұлғаларға тиесілі мүлік пен сапар мақсаты арасындағы байланысты айғақтау мәселелері аталған. Сонымен қатар сарапшылар нақты шекаралық өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын жұмыс көлеміне байланысты түрлі тәуекелділік көрсеткіштерін қолдану жолдарын ұсынады. Тәжірибелік жаттығу Алматы халықаралық әуежайында өтеді.
Семинар қабылдаушы елде шекаралық қауіпсіздікті нығайту мен шекараларды басқару бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ілеспе іс-шараларды Астана, Қарасу, Қазығұрт пен Петропавл қалаларында өткізу жоспарланған.