ЕҚЫҰ Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау бойынша оқыту семинарына қолдау көрсетуде
280 жуық мемлекеттік орган өкілдері, студенттер мен азаматтық қоғам мүшелері қатысуымен өткен адам құқықтарын қорғау механизмдері бойынша ЕҚЫҰ қолдаған екі күндік оқыту семинары 19 мамырда Ақтөбе қаласында өз мәресіне жетті.
Семинар барысында Ақтөбе, Алға қалалары және Ақтөбе облысы әкімдіктерінің өкілдері, сонымен қатар судьялар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінің студенттері мен азаматтық қоғам мүшелері әйелдер мен балалар құқықтарын қорғаудағы халықаралық стандарттар, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарына көрсетілетін әлеуметтік қызмет мәселелері, еңбек заңнамасындағы жаңа енгізулер, сондай-ақ әртүрлі құқық қорғау институттар желісі қызметтерімен танысты.
Қатысушылар еңбек шарты, бәсекелеспеу туралы келісім, жұмыскерлердің тәртіптік пен мүліктік жауапкершілігі және еңбек дауларын шешу мәселелерін талқылады.
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев: «Осындай семинарлар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту жолында маңызды рөл атқаруда, ол өз кезегінде қоғамдағы ықтимал әлеуметтік кикілжіңді алдын алуға септігін тигізеді», - деп атап өтті.
Аталған шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ұйымдастыратын бес оқыту семинары тізбегіндегі екіншісі болды. Семинар қабылдаушы елдегі негізгі құқықтар мен бостандықтарды дамыту жолында адам құқықтарын қорғаудың ұлттық институттарына қолдау көрсетудегі Офистің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.