ЕҚЫҰ Орталық Азияда Интернетті дамыту бойынша жетінші форумды қолдауда
АЛМАТЫ, Қазақстан, 2016 ж. 13 мамыр – Бүгін Алматыда Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Қазақстандағы Конрад Аденауэр Қорымен бірлесіп Интернетті дамыту бойынша жетінші жыл сайынғы Орталық Азия форум жұмысын қорытындылады.
Екі күндік іс-шараға Армения, Германия, Франция, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина мен Өзбекстан тарапынан 130 жуық мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары, азаматтық қоғам, БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби қауымдастықтар өкілдері, сарапшылар мен журналисттер қатысты. Форум барысында қатысушылар Орталық Азияда Интернет кеңістігінің даму үрдістері мен мәселелерін талқылап, ксенофобия, өшпенділікті насихаттау, төзімсіздік лексикасы, ақпараттық соғыстар, мәліметтерді бұрмалау мен аталған деструктивті контентке қарсы іс-әрекет жолдарын қоса алғанда Интернеттің ағымдағы қатерлері бойынша пікір алмасты.
«Азаматтардың ақпарат көздеріне тең құқылы қолжетімділігі бес институционалды реформа шеңберінде қамтамасыз етіледі. Дейтұрғанмен, әлеуметтік желілердегі заңсыз контент мемлекеттің ұлттық мүддесіне қайшы келуі мүмкін. Осыған орай, жаңа Ақпарат пен байланыс министрлігін құру жөніндегі шешім аса маңызды болып отыр, ол өз кезегінде билік пен халық арасындағы өзара қарым-қатынас үлгісі болуға лайық», - деді Михаил Чирков, ҚР Парламентінің депутаты.
«Еркін және ашық Интернет пікір білдіру бостандығы секілді адамның негізгі құқықтарын жүзеге асыру үшін басты маңызға ие», - деп атап өтті Андрей Рихтер, БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ Өкілі Бюросының Арнайы кеңесшісі. «Интернет қолданушылардың дағдылары Интернет-сауаттылық пен өзіндік реттеу тетіктері жолымен жетілдірілуі тиіс, және аталмыш реттеу тек кішігірім деңгейде болуы қажет».
«Басты медиа және байланыс тұғырнамасы ретінде Интернет ролінің кеңеюі, өшпенділікті насихаттаушы контентке қарсы тұру секілді кибер кеңістіктегі қауіпсіздік қатерлері және сөз бостандығын қорғаудағы басқалар тарапынан туындайтын төзімсіздік аса жоғары мәнге айналды. Форумда аталған қатерге қарсы тұру мен алдын алудың ұтымды қоғамдық тетіктерін талқылау өте маңызды болды», - деді Мария Дубовицкая, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер және БАҚ бойынша ұлттық үйлестірушісі.
Талқылаулар нәтижесінде қатысушылар Форум тақырыптарына сәйкес ұсыныстар кешенін дайындады. Аталмыш ұсыныстар Орталық Азиядағы мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптар және жалпы Интернет қауымдастық арасында таратылады.
Форум Офистің Қазақстанда және Орталық Азия аймағында пікір білдіру бостандығы мен БАҚ бостандығын ілгерілету бойынша қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.