ЕҚЫҰ Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы бойынша оқыту семинарлар топтамасын бастауда
Жергілікті үкімет пен сайлау науқандарының жұмысына гендерлік теңдік ұстанымдарын енгізу 2016 жылдың 12 мамыр күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті аймақтық заң шығарушыларының 40 жоғары лауазымды тұлғалары үшін ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған оқыту семинарының назарында болды.
Қатысушылар гендердік теңдікке қол жеткізудің халықаралық құқықтық құралдары, бюджет жоспарлауда гендер мәселесінің ескерілуін қамтамасыз ету, әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларға қатысуына ықпалын тигізетін кедергілердің анықталуын ерекше назарға ала отырып, Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелеріндегі қиындықтар мен әйелдердің көп жағдайда ер адамдар басым болатын кәсіптермен айналысуын арттыру жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар, олар табысты сайлау науқанын өткізу үшін қажетті сайлау стратегиялары мен басқа да қарым-қатынас техникаларымен танысып, ауылдық аймақтар мен шағын қалаларда тиісті басқару, ашықтық және есеп беруді дамыту үшін гендерлік теңдік қағидаларын қолдану жолдарын қысқаша талқылады.
«Бес институционалдық реформа бойынша 100 нақты қадам» ұлттық жоспар жүктеген міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметті реформалау – кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған», - деді Елена Тарасенко, Әйел істері мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Басшысының орынбасары. «Осыған байланысты барлық деңгейлерде әйелдерді елдің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінің барлық салаларына барынша тарту қажет».
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ҚР Президенті жанындағы Әйел істері мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және өңірлік әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырды.
Аталмыш шара Офистің қабылдаушы елде Гендерлік теңдік ұстанымдарын дамыту бойынша ЕҚЫҰ іс-қимыл жоспарын енгізуге қолдау көрсету жолындағы ұзақ мерзімді жұмысы аясында ұйымдастырылатын үш оқыту семинарының алғашқысы болып отыр.