ЕҚЫҰ жасыл технологияларға назар аудара отырып Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері жөнінде оқыту семинар өткізуде
АРНАСАЙ, Қазақстан, 4 мамыр 2016 ж. – Бүгін Арнасай кентінде ЕҚЫҰ қолдауымен «жасыл» технологиялар саласындағы кәсіпкер-әйелдер үшін бес оқыту семинарлар сериясының біріншісі басталды. Іс-шара энергия- және суды сақтайтын технологиялар мен практикаларды іс жүзінде енгізуді ескере отырып, тиімді бақшашылық саласында кәсіпкерлердің әлеуетін жоғарылатуға бағытталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясымен бірлесіп Қарағанды облысының ауылды жерлерінен келген шамамен 20 қатысушысы үшін ұйымдастырды. Шақырылған сарапшылар соңғы суару технологияларын, күн жылыжайларын пайдалануды, вермоәдістерді таратуды (құрттардың көмегімен биогумусты өндіру) көрсетті, сондай-ақ жасыл технологияларды ауылды жерлерде қолдану маңыздылығын атап көрсетті.
«Оқыту семинардың басты мақсаты Қарағанды облысының кәсіпкер-әйелдерінің «жасыл» технологияларды қолданумен ауылда өзіне меншікті іс ашу және жүргізу жөніндегі әлеуетін арттыру болып табылады» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе. «ЕҚЫҰ ауылды жерлердегі әйелдер арасында кәсіпкерлікті қолдауға және тұрақты экономикалық дамудың негізін құрайтын болғандықтан, жасыл өсу дамуына үлкен мән береді».
«Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясының төрайымы Салтанат Рахымбекова: «Әйелдер кәсіпкерлігін және жасыл өсуді қолдаудың артықшылықтарын назарға ала отырып, біз болашақта өзіміздің көрнекі объектіміздің мысалында «жасыл» бизнес жүргізу жөніндегі ең жақсы практика мәселелері бойынша мүдделі тұлғаларды ары қарай оқытуды жалғастырамыз», - деп атап өтті.
Келесі төрт айдың ішінде Арнасай объектісінде Қарағанды және Ақмола облыстарының ауылдарындағы әйелдерге ұқсас семинарлар өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің «жасыл» экономика және тұрақты даму қағидаттарын, сондай-ақ гендерлік теңдік қағидаттарын жылжытуға бағытталған ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.